Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен өткен көшпелі кездесуінде айтылған мәселелер бойынша кеше аудан әкімі Маратбек Сәменбекұлы арнайы шығып, жағдайды көзбе-көз көріп, зерделеді.
Бүгін де тұрғындардың өзге өтініштерін қарау мақсатында жергілікті жерде болып, Қошқар ата өзеніне көпір салу, Ескі қаладағы дренаж жүйесін қарастыру, көппәтерлі үйлердің жертөлесіндегі инженерлік құбырларды жөндеу және басқа да өзекті мәселелерді назарға алды.
Аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Көтерілген барлық мәселелердің шешілуі заң талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1072228?lang=kk

Жауап қалдыру