Қауіпсіз жол: СҚО-да жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша ауқымды шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 20 қыркүйекте сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін Петропавл қаласында және облыстың 13 ауданында «Қауіпсіз жол» ауқымды іс-шараны  өткізді.

Акцияның мақсаты –  жол-көлік оқиғаларының алдын алуды күшейту, азаматтардың жол қозғалысы ережелерін сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, сондай-ақ автокөлік жүргізушілерінің құқықтық мәдениеті мен сана-сезімінің деңгейін арттыру.

Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғасы салдарынан еліміздің  жолдарында 1146 адам қаза тауып, тағы 30929 адам жарақат алған.

Статистика көрсеткендей, жол қауіпсіздігі жағдайы апатты күйінде қалып отыр.

 86% жағдайда (22 501 – 19 363 жол-көлік оқиғасының) жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жүргізушілердің кінәсінен болып отыр, оның ішінде 400-ден астамы көлікті мас күйінде басқарған.

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының мәліметі бойынша, Қазақстан бір миллион тұрғынға шаққандағы жол-көлік оқиғасынан өлім-жітім бойынша 3-ші, Ресей мен АҚШ-тан кейінгі орында.

Солтүстік Қазақстан облысында ұқсас кезеңде 362 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 28 адам қаза тауып, тағы 488 адам жарақат алған. Бұл деректер халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша қосымша алдын алу шараларын қабылдау және жұмысты жандандыру қажеттігін көрсетеді.

Акция аясында облыс прокуратурасы полиция органдарымен бірлесіп, көлік жүргізушілері көп жиналатын орындарда ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, жүргізушілермен тікелей әңгімелесулер жүргізді, заңнаманың жекелеген нормаларын, оларды бұзушылықтар үшін жауапкершілікті түсіндірді, жолда қауіпсіз жүрудің негізгі ережелерін қамтитын 7 маңызды кеңес «Жүргізушілерге арналған жадынама» арнайы материалдар таратылды.

 Акция қорытындысы бойынша  20 мыңға жуық жадынама таратылып, облыс тұрғындарымен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.Мұндай шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып, жолдардағы заң бұзушылықтарды азайтып, жол-көлік оқиғаларының алдын алады деп күтілуде.

Облыстық прокуратура жол қозғалысына қатысушылардың барлығын мұқият және жауапты болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және есте сақтауға шақырады: жол қауіпсіздігі – бұл әркімнің белсенді қатысуымен ғана шешілетін ортақ міндет.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1072965?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді