
Бүгін аудандық мәслихатының кезекті 36-сессиясы өтті.
Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков және аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және тиісті мекеме өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – аудан әкіміне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалу барысы болды. Аудан басшысы баяндамасында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, төмендегі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады:
•
Жол жөндеу жұмыстары – аудандық және ауылішілік жолдарды жақсарту;
•
Ауыз су – елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту жобалары;
•
Инфрақұрылым – электр, газ және инженерлік-коммуникациялық жүйелерді дамыту;
•
Тұрғын үй – халықты баспанамен қамту, жаңа үйлерді пайдалануға беру;
•
Жұмыссыздықты азайту – жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау.
Сонымен қатар, сессияда өзге де маңызды мәселелер қаралды:
Депутаттар баяндамаларды талқылап, сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Аудан әкімі барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданатынын айтты.
Ордабасы ауданы әкімінің баспсөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1074214?lang=kk

Жауап қалдыру