Қазақстанның хоккей федерациясының «Jastar Hokei Ligasy» додасы басталды. Бұл сынға 20 жасқа дейінгі хоккейшілер бақ сынап жүр. Дүбірлі сынға Түркістан облысынан тұңғыш рет команда жасақталып, Түркістандағы «Мұз сарайында» алғашқы ресми матч өткізілді.
Түркістанның «TURAN TIGERS» клубы Рудныйдың «GORNYAK» командасын қабылдады. Алғашқы матчта түркістандықтар 5:3 есебімен жеңді. Сонымен бірге екінші кездесуде де мұз айдының иелері 8:3 есебімен айқын басым болды. Осылайша, «TURAN TIGERS» екі турдан кейін 4 ұпай еншілеп, үздіктер қатарына қосылды.
22 қыркүйекте тартысты ойында 8:3 нәтижесімен тағы да басым түсті!
25-26 қыркүйек күндері «TURAN TIGERS» өз мұз айдынында «Qarmet» (Қарағанды) командасымен күш сынасады.
Жауап қалдыру