«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде 152 млн теңге жымқырылғаны анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бағытталған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджеттік қаржыны жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

2020 жылы «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС арасында құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жұмыстарына 500 млн теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған.

Алайда мердігер 3 жыл бойы құрылыс бөлімі басшысының көмегімен іс жүзінде орындалмаған, көлемі мен құны өсірілген жалған қабылдау актілерін берген.

Заңсыз әрекеттер нәтижесінде 152 млн теңге көлемінде зиян келтірілді.

Сот санкциясымен күдіктілердің 100 млн теңгеден астам құны бар мүлкіне қол қойылды.

Мердігерге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/1082616?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді