Байқауды ұйымдастырушы: «Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ
Электрондық пошта мекенжайы: b.kasymov@astana.kz
Байланыс телефондары: 55-69-03, 55-69-19, 55-69-21, 55-69-10
Байқаудың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру.
Байқау нысаны: ашық байқау (тізілімге енгізілген және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері арасында).
Байқау өтінімдерін қабылдау орны: kezekte.kz (онлайн форматта ғана).
Байқау құжаттамасын ұсыну тәртібі: байқауға қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысанда электрондық өтінім мен байқау құжаттарының толық пакетін ұсынады. Бағдарлама шарттарымен және қажетті құжаттар тізімімен төменде танысуға болады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 15 қазаннан 2025 жылғы 20 қазанға дейін.
Көрсетілген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Мемлекеттік гранттар беру шарттары
Мемлекеттік гранттар беру жөніндегі байқауға әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері толық құжаттар пакетін ұсынған жағдайда қатыса алады.
Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер мемлекеттік гранттар алу мақсатында бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяны іске асыру үшін байқауға қатыса алады (грант сомасы 5 млн теңгеге дейін), егер кәсіпкердің қолданыстағы грант шарты болмаса.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары мыналар:
- кәсіпкердің мемлекеттік грант сомасының кемінде 20%-ын (ақшалай қаражатпен) бірлесіп қаржыландыруы, соның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік түрінде;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- жобаны іске асыруға қажетті инфрақұрылымның бар екенін және/немесе оны құру жоспарын көздейтін инвестициялық жоспардың болуы.
Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдалана алады:
- негізгі құралдарды (соның ішінде негізгі құралдарды салу/модернизациялау/реконструкциялау/капиталдық жөндеу), тауар өндіруге немесе қызмет көрсетуге қажетті шикізат пен материалдарды сатып алу;
- материалдық емес активтерді сатып алу;
- технологияларды сатып алу;
- кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және (немесе) жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығыстар.
Мемлекеттік грант қаражатын басқа мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
Бизнес-жобаны кәсіпкердің іске асыру мерзімі грант беру шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауға тиіс.
Егер көрсетілген мерзім ішінде кәсіпкерлік қызмет жүзеге аспаса, алынған негізгі құрал сатылып, жобаны іске асыруға қажетті ұқсас/баламалы құралмен ауыстырылмаса, кәсіпкер мемлекеттік грант қаражатын толық көлемде өтеуге міндетті.
Мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға жол берілмейтін жағдайлар
- жылжымайтын мүлікті және (немесе) жер учаскесін сатып алуға;
- жалдау ақысы ретінде пайдалануға;
- негізгі құралдарды/активтерді (қызметтерді алу/жұмыстарды орындау) кәсіпкермен аффилиирленген/байланысты тұлғалардан және (немесе) кәсіпкердің жақын туыстарынан сатып алуға (Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сәйкес анықталады);
- бұрын пайдаланылған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға жол берілмейді.
Бұл ретте негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алу тиісті құжаттармен (шарт/контракт/жабдықтың паспорты/сапа сертификаты) расталуы тиіс.
- жеңіл автокөліктерді сатып алуға, жүк тасымалына арналған, кабинадан бөлек жүк платформасы бар көліктерден басқа, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автокөліктерін және жеңіл көлік құралдарын жалға беру мен прокаттау жобаларынан басқа;
- ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ қара мал, құс, ара және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары) сатып алуға, тамақ өнімдерін өндіру жобаларын қоспағанда, егер олар өңдеу өнеркәсібіне жататын болса.
Мемлекеттік грант қаражаты бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында қолма-қолсыз түрде кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагенттің шотына аударылады (пайдаланылған автокөлікті жеке тұлғадан сатып алуға жол беріледі).
Бір кәсіпкерге берілетін мемлекеттік гранттың ең жоғары сомасы 5 (бес) миллион теңгеге дейін белгіленеді, өтінімде көрсетілген сұратылған сомаға сәйкес.
Грант берілмейтін жағдайлар
Мемлекеттік гранттар төменде көрсетілген кәсіпкерлерге берілмейді:
- қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысында тұрған, сондай-ақ қызметі қолданыстағы заңнамаға сәйкес тоқтатылған кәсіпкерлерге;
- салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар кәсіпкерлерге;
- негізгі қызметі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын кәсіпкерлерге;
- мемлекеттік грант сомасының кемінде 20%-ын (ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) бірлесіп қаржыландыруды өтінім берген кезде растамаған кәсіпкерлерге;
- мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушылары тізілімінде тұрғандарға;
- кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешегі барларға;
- жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алғандарға (оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары аясында);
- басқа өңірде тіркелген және өз бизнес-жобасын байқау өткізілетін өңірден тыс жерде іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлерге.
Байқау комиссиясының шешім қабылдау критерийлері
Байқау комиссиясы мемлекеттік гранттарды жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін беру/бермеу туралы шешімді төмендегі критерийлер негізінде қабылдайды (оның ішінде кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалау критерийлерін басшылыққа ала отырып):
- бизнес-идеялардың әлеуметтік бағыттылық деңгейі / «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы бойынша өңірлік өнім рейтингі;
- бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық сұраныстың зерттелуі – маркетингтік талдау);
- жобаны іске асыруға дайындық деңгейі (өндірісті ұйымдастыру, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың бар болуы, өткізу нарығы, өндірісті іске қосуға дайындық деңгейі).
Әлеуметтік бағыттылық деңгейі критерийіне жұмыспен қамтуды арттыруға, табысты ұлғайтуға, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетуге, инклюзияға, экологиялық тұрақтылыққа, қызмет көрсетуге, жұмыс орындауға және әлеуметтік қолдау саласындағы жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануға бағытталған жобалар жатады.
Қажетті құжаттар
Байқауға қатысу үшін кәсіпкер тек бір өтінім бере алады. Өтінімдер байқау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады.
Мемлекеттік грант алу үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға үміткер кәсіпкерлер келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін PDF форматында өтінімге қоса тіркейді:
- өтінім берген сәттегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы, басшының қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) расталған анықтама;
- бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстардың кемінде 20%-ын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен бірлесіп қаржыландыруды растайтын құжаттар – кәсіпкердің ағымдағы шотындағы ақшалай қаражаттың бар екені туралы банк шотының үзіндісі немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
- кәсіпкердің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1083218?lang=kk

Жауап қалдыру