
✅Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Ұлықбек көшесінде заманауи жаяу жүргіншілер аймағының абаттандырылуы аяқталуға жақын — енді бұл жер тұрғындар үшін серуендеп, демалуға арналған жайлы әрі қолайлы кеңістікке айналды.
Айнала көз алдымызда көркейіп келеді: жарық көбейді, қауіпсіз әрі таза ауада уақыт өткізу бұрынғыдан да жағымды болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1084022?lang=kk

Жауап қалдыру