Экоакция аясында 4 мыңнан аса тал егілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен экологиялық акцияда 15 тонна қоқыс жиналып, 4070 ағаш егілді. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев және 1500-ден астам ерікті қатысты, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс орталығында өткен тазалық жұмыстары Жайық өзенінің Атырау шағынауданындағы жағалауын қамтыды. Сенбілікті Атырау облысы әкімдігі және облыстық Экология департаменті мен «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы ұйымдастырды. Тазалық акциясына облыс орталығы ғана емес, аудан тұрғындары да қатысты.

– Акцияның мақсаты – табиғатты қорғау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Таза орта – салауатты өмір кепілі. Әр тұрғын туған жердің экологиясына бейжай қарамаса, қоршаған ортамыз да таза әрі көркем болады, – деді Экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіпов.

Аймақта жыл басынан бері өткен экологиялық бағдарламаларға 8 мыңға жуық адам қатысып, нәтижесінде 20 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1084704?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді