ШОРНАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
✔️Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Шорнақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізіп, жаңа әкімді таныстырды. Аудан басшысы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуында халықпен ашық диалог орнатып, әрбір мәселені бірлесе шешудің маңызы зор екенін атап өтті.
✔️Шорнақ ауылдық округінің әкімі болып Бабичев Нұрсеит Ізбасарұлы сайланды. Ол 1987 жылы 5 наурызда Сауран ауданы, Аша елді мекенінде дүниеге келген. Жоғары білімді маман: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетінде информатика, ал Шымкент университетінде құқықтану саласы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2007 жылы «Астана Қорған» ЖШС-де бастаған. Кейінгі жылдары «Сері–3» шаруа қожалығының заңгері, «Standart Beton Group» ЖШС директорының орынбасары, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты, сондай-ақ «Арыс Құм» ЖШС директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
✔️Кездесу барысында ауыл тұрғындары жаңа әкімге сенім білдіріп, алдағы уақытта ауылдың инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ауылдық округтің өркендеуі жаңа әкімнің бастамашылдығы мен халықтың қолдауына тікелей байланысты екенін айтып, табысты қызмет тілеп, жұмысына сәттілік тіледі.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1085744?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді