
ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР, АСЫЛ ҚАРИЯЛАР!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
«Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген аталы сөз бар. Шынында да, сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен даналық сөздеріңіз жас ұрпаққа жол көрсетіп, елдің бірлігі мен берекесін нығайтып келеді.
Сауран ауданында бүгінде 747 ардагер және 262 тыл ардагері бар. Бұл – сіздердің елге сіңірген еңбектеріңіздің, бейбіт өмір үшін жасаған жанқиярлық еңбектің айқын көрінісі. «Жасы үлкеннің – жолы үлкен» деп халқымыз қашанда қарияға құрмет көрсеткен.
Ауданымызда зейнет жасындағы азаматтардың алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасалып келеді. Әсіресе, «Белсенді ұзақ өмір» орталығы қарияларға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық және бос уақытты тиімді өткізуге арналған кешенді қызмет ұсынып отыр. Бұл орталық ардагерлердің салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығын нығайтуына, қоғам өміріне белсене араласуына мол мүмкіндік беруде.
Қарттар күні – тек күнтізбедегі атаулы күн ғана емес, аға буынға деген айрықша құрмет пен ыстық ықыластың белгісі. «Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» демекші, сіздердің өнегелі ғұмырыңыздан нәр алған жас буын елге адал қызмет етудің үлгісін көреді.
Сіздерге мықты денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Ұрпақтарыңыздың қуанышын көріп, берекелі әулеттің қадірлі қариясы болып жүре беріңіздер.
Ізгі тілекпен,
Мақсат Таңғатаров
Сауран ауданының әкімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1085742?lang=kk

Жауап қалдыру