
Бүгін аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Тасарық ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров пен депутат Мұхтар Бастыков қатысып, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Жиында жол кедергілерін орнату, ауызсу мен жарық мәселесі, мектепті кеңейту, спорт кешенін салу және карьер орнының қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі барлық ұсыныстардың назарда болатынын айтып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Кездесуден кейін тұрғындар жеке қабылдауда болып, өз өтініштерін жеткізді.
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1087191?lang=kk

Жауап қалдыру