
2025-2026 оқу жылында Абай облысы Аягөз ауданынан Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға 13 пән бойынша білімдерін сынау үшін 406 оқушы тіркелді.
Олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңіне 25 мектептен 341 оқушы қатысты.
2025 жылдың 8-10 қазан аралығында олимпиадаға қатысушылар саны мен пән бойынша өту кестесі:
8-қазан: Физика-22, Химия-25, География-29, Информатика-23, Математика-33.
9-қазан: Ағылшын тілі-31, Орыс мектептеріне арналған қазақ тілі-48, Қазақ тілі мен әдебиеті-51, Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі-19, Орыс тілі мен әдебиеті-14.
10-қазан: Құқық негіздері-10, Биология-39, Қазақстан тарихы-45.
2025 жылғы 8-10 қазан аралығында ауыл мектептерінің 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі smart.daryn.kz онлайн платформасында өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1087302?lang=kk

Жауап қалдыру