✔️«Ордабасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✔️Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен түрлі салаларда ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін, оның ішінде электронды түрде алу мүмкіндіктерін қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында ай сайын «Қызмет алушы күні» іс-шарасы өткізілуде.
✔️Осыған орай, 2025 жылғы қазан айына жоспарланған «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы-жер учаскесін ресімдеуге, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға және салуға және т.б қызметтер» бойынша “Қызмет алушылар күні” іс-шарасы ұйымдастырлып, оған аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мен аудандық жер қатынастары бөлімінің осы салаларға қатысты жауапты қызметкерлерінің, қатысуымен «Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы-жер учаскесін ресімдеуге, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға және салуға және т.б» тақырыбында мәжіліс ұйымдастырылды.
✔️Аталған іс-шарада «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары мемлекеттік органдардың ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетілімділігіне назар аудару керектігін және аудан көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды жүргізу мәселелері көтерілді.
✔️2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілгенін және енгізілген өзгертулерге сәйкес, қызмет алушылардың құқықтары бұзылған жағдайда олардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қайта жүгіну қажеттілігінсіз, яғни қайта өтініш беруінсіз олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру тетіктері пайда болғанын, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті екендері туралы өз ойларын ортаға салып, аудан тұрғындарына жеке қабылдаулар өткізіп, өз ойларында жүрген сұрақтары бойынша тиісті жауаптар берілді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1087355?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді