Шымкент қаласында дін қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 қазан – Рухани келісім күніне орай, дін істері басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармасы, қала аумағындағы діни конфессиялар өкілдері арасында өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, 14 қазан күні «Аламан» спорт кешенінде діни бірлестіктері арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырып өткізді.
Іс-шара барысында дін істері басқармасының басшысы Серғазы Әбілхаиров сөз сөйлеп, қатысушыларды «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауда діни бірлестіктердің үлесін жоғары бағалап, қаладағы конфессияаралық татулық пен бейбітшілікке бағытталған жұмыстарды одан әрі күшейтуге шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-din/press/news/details/1087633?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді