«World Inclusion Congress – WIC 2025» инклюзивті білім берудің Бірінші Дүниежүзілік конгрессінің 2-ші күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конгресстің екінші күні инклюзивті бастамалардағы инновациялар, тең мүмкіндіктер көрмесі мен үздік тәжірибиелермен жалғасты. ЖИ және EdTech: жаңа білім беру көкжиектері, Балалардың психологиялық әл-ауқаты-табысқа жету жолы, барлығына арналған мектептер құратын көшбасшылар т.б. тақырыптарында панельдік алаңдар өткізілді. Алаң аясында ҚР ОАМ АжИББҰҒПО директоры, PhD докторы, қаумдастырылған профессор Бутабаева Лаура Аскаровна Қазақстандағы инклюзивті білім берудің мемлекеттік басымдылықтарына тоқталып, осы бағыттағы жүріп өткен жол мен бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті. Сондай ақ алаңда Парламент Мәжілісінің депутаттары- Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы мен Смирнова Ирина Владимировнаның мотивациялық баяндамалары тыңдалып, шетелдік қонақтардың іс тәжірибиелері көрсетілді. Ата-аналардың, әлеуметтік серіктестердің, денсаулық сақтау, университет, үкіметтік емес ұйымдардың рөлі мен өзара іс-қимылы ерекше аталып өтілді. Панельдік алаңдар қорытындысы бойынша Инклюзивті білім беру саласындағы ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық меморандумдары қабылданды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1087791?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді