Ақмола облысының Целиноград ауданында балалар мен спорт алаңдарының желісі кеңейіп келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының Целиноград ауданында балалар мен жастардың таза ауада толыққанды демалып, дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік беретін балалар мен спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді.

Соңғы жылдары ауданның ауылдық округ тұрғындары аудан әкімімен өткен кездесулер барысында футбол алаңдарын және заманауи балалар ойын алаңдарын салу жөнінде бірнеше рет ұсыныстар білдірген болатын. Бұл бастамалар аудан әкімдігі тарапынан ерекше назарға алынды.


Қазақстан Республикасының Республика күні қарсаңында Жалғызқұдық ауылында балалар ойын алаңы, воркаут-тренажерлері бар спорттық аймақ және мини-футбол алаңының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны аудандық бюджет есебінен 39 миллион теңгені құрады.

Жоба аясында жасанды шөп төселген мини-футбол алаңы, жасөспірімдер мен ересектерге арналған заманауи спорттық жабдықтармен қамтылған воркаут-аймақ, сондай-ақ құмсалғыш, әткеншек, әткеншек-теңгергіш және сырғанақ орнатылған балалар ойын алаңы салынды.

Сонымен қатар, ауылдық округ аумағында көше жарығын жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жаңа шамдар Жалғызқұдық ауылының Жерұйық, Василий Петрович Митяшин, Д. В. Бурбах, Алаш және Желтоқсан көшелеріне орнатылды. Сондай-ақ Жарлыкөл ауылында Достық көшесінің шамамен 1200 метр бөлігінде көше жарығы жаңартылды. Бұл тұрғындардың кешкі және түнгі уақытта қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Аталған жобалардың іске асырылуы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, демалыс пен спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын дамытудағы тиімді жұмыстың үлгісіне айналды. Целиноград ауданының ауылдық округтерінде абаттандыру мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1088098?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді