
Астана қаласы санитариялық – карантиндік бақылау бөлімінің мамандары мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері арасында «Менингококты инфекция» тақырыбында семинар өткізді.
Аталған іс-шара кеден бекетінің барлық қызметкерлерінің денсаулығын қорғау және олардың арасында аурулардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында мамандар еліміздегі және әлемдегі менингококк инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндады. Африка елдерінде менингиттің ең көп жағдайлары тіркелетіні атап өтілді.
Сондай-ақ, менингококк инфекциясы, оның таралу жолдары, аурудың белгілері және профилактикалық шаралар туралы толық ақпарат ұсынылды.
Профилактикалық шаралардың ең маңыздысы – мұрын-жұтқыншақтың өткір және созылмалы ауруларын уақтылы емдеу, бұл асқынулардың алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өздігінен емделмей, медициналық көмекке жүгіну қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/960631?lang=kk

Жауап қалдыру