Климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі ұлттық жоспарды әзірлеу бойынша сараптамалық топтың отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 17 қазанда климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі Ұлттық жоспарды (ҰБЖ) әзірлеу бойынша сараптамалық топтың отырысы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, сондай-ақ экология және орнықты даму саласындағы халықаралық ұйымдар мен серіктестердің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Қазақстанның Париж келісімі бойынша міндеттемелеріне сәйкес әзірленген ҰБЖ жобасы таныстырылып, талқыланды. Құжат елдің климаттың өзгеру салдарларына төзімділігін арттыруға бағытталған және негізгі секторларда климаттық тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды қамтиды: ауыл шаруашылығы, су ресурстары, орман шаруашылығы және төтенше жағдайлардың тәуекелін төмендету салалары.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар одан арғы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1089017?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді