
Құрметті әріптестер, орман шаруашылығы саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздегі орман шаруашылығы саласында 17 мыңнан астам орманшы қызмет етуде.
Орманды қорғау, қалпына келтіру және молайту – мемлекеттің стратегиялық басым міндеттерінің бірі болып қала береді. Мемлекет басшысы атап өткендей елімізді көгалдандыру – орасан зор мемлекеттік маңызы бар іс және бүгінгі күні көгалдандырудың жақсы қарқынына қол жеткіздік, оны азайтуға болмайды.
2020 жылы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік орман қоры аумағына 2 млрд түп ағаш отырғызу бойынша берген тапсырмасы аясында бүгінгі күнге дейін 900 мың гектар алаңда 1 миллиард 400 мыңға жуық көшет отырғызылды. Аталған жұмыстарды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Ал, Елорданың аумағын жасыл желектермен қоршау жұмыстары табысты жалғасуда. Бүгінде жалпы ауданы 102 мың гектар болатын жасыл аймақ толық қалыптастырылды. Мұнда Астананың күрт континенттік климат жағдайына төзімді ағаш түрлері – қарағай, қайың, терек, үйеңкі, тал өсірілуде. Құрылып жатқан орман алқаптары көміртекті сіңіруші және оттегі өндіруші қызметімен қатар, қорғаныш, су қорғау, рекреациялық, санитарлық-гигиеналық және ландшафтық-эстетикалық функцияларды да орындайды.
Айта кету керек, «Семей орманы» резерваты аумағындағы жабық тамыр жүйесімен көшет өсіру тәжірибесі кеңінен енгізілуде. Мұндай көшеттердің жерсіну көрсеткіші 90%-ға дейін жетеді. Қазіргі уақытта осындай тұқымбақтарды лизингтік қаржыландыру арқылы 6 орман шаруашылығы мекемесінде құру бойынша бірқатар шаралар қабылдануда.
Өздеріңізге мәлім, 2021 жылдан бастап Арал теңізінің құрғаған табанында орман-мелиорациялық жұмыстар белсенді жүргізілуде. Мұнда 5 жыл ішінде 800 мың гектарға жуық алаңда сексеуіл тұқымын себу және көшет отырғызу жұмыстары атқарылды.
Табиғат қорғау мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтандыру аясында өртке қарсы техникалар кезең-кезеңмен тапсырылуда. Қазіргі таңда мемлекеттік ұлттық парктер, резерваттар мен қорықтарға 136 кіші орман патрульдiк өрт кешенi (КОПК), 60 трактор, 64 өртке қарсы техника тапсырылды. Техниканы жеткізу әлі де жалғасын табуда.
Құрметтә әріптестер, барлық аталған жетістіктер – сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен табиғатты қорғауға деген шынайы сүйіспеншіліктеріңіздің нәтижесі. Сіздерге еліміздің орман шаруашылығы саласында атқарып жатқан жұмыстарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Орманымыз молайып, жасыл желектеріміз өсіп, табиғатымыз көркейе берсін!
Мерекелеріңізбен құттықтаймын!
ҚР ЭТРМ Орман шаруашлығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы
Тұрғамбаев Данияр Ғалымұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1089058?lang=kk

Жауап қалдыру