АСТАНАДА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТАРЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18-19 қазан күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» ипподромының автотұрағында (Қарқаралы тасжолы, 1) Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген тауар өндірушілері қатысатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеде 190-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады.

Астаналықтар мен қала қонақтарының назарына 1 300 тоннадан астам экологиялық таза және сапалы азық-түлік өнімдері ұсынылады: барлық түрдегі ет, шұжық және консерві өнімдері; сүт және сүт өнімдері, ұлттық сусындар; балық пен бал өнімдері; ұн, макарон және кондитерлік өнімдер; көкөніс, картоп, бақша дақылдары және басқа да тағам түрлері.

Барлық өнімдер қолжетімді бағада сатылады.

Жәрмеңкеге Павлодар облысының ірі кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары – «Победа» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Табыс» ШҚ, «BEST MILK» ЖШС, «ЭКО ДОМ» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Мяском» ЖШС қатысады.

Солтүстік Қазақстан облысынан ет, сүт және кондитерлік өнім өндіруге маманданған 110-нан астам кәсіпорын өз өнімдерін әкеледі. Жалпы жеткізілетін өнім көлемі 1,3 мың тоннадан асады.

Іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтары аймақтық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаны тамашалай алады.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға №18, №37 және №303 бағытындағы автобустар қатынайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1089066?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді