
Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ҚТЖ–ЖТ филиалының Сәкен Сейфуллин атындағы емдеу-сауықтыру шипажайының қызметкерлерімен «ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу», «Вирустық гепатиттің алдын алу» және «Дене белсенділігі – денсаулыққа апаратын жол» тақырыптарында семинар өткізді.
Семинар барысында тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу және вакцинациялау мәселелері, сондай-ақ вирустық гепатиттің таралуының алдын алу шаралары қарастырылды. Мамандар жеке гигиена, тамақтану және тұрмыстық гигиена ережелерін сақтау арқылы вирустық аурулардың алдын алу қажеттілігіне тоқталды. Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде уақтылы дәрігерге қаралу керектігі атап өтілді.
Сонымен қатар, семинар қатысушыларына дене белсенділігінің, спортпен шұғылданудың және белсенді өмір салтының денсаулықты нығайтудағы маңызы түсіндірілді.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1089401?lang=kk

Жауап қалдыру