
2025 жылғы 20 қазанда Глубокое аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясының отырысы өтті.
Сессия жұмысына 9 депутат, Глубокое ауданы әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, аудандық басқармалар мен дербес бөлімдерінің басшылары, құқыққорғау органдарының және БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
- Глубокое ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
Глубокое ауданының әкімі Эльдар Лукбекович Тумашинов баяндама жасады.
- Глубокое ауданының коммуналдық мүлкін басқару мәселелері бойынша есеп.
Баяндаманы аудан әкімінің орынбасары Евгения Николаевна Литвиненко ұсынды.
- Коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
Тұрақты комиссияның төрағасы Илья Васильевич Елфимов есеп берді.
Сондай-ақ, депутаттар ауданның 2025-2027 жылдарға арналған бюджетіне, әкімшілік-аумақтық құрылымының өзгеруіне, ведомствоаралық және сайлау комиссияларының құрамына қатысты мәселелерді қарады.
Қабылданған шешімдер ауданның одан әрі дамуына, коммуналдық мүлікті басқару жүйесін жетілдіруге және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Талқылаудан кейін шешімдер бірауыздан қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/glubokoe-maslihat/press/news/details/1089427?lang=kk

Жауап қалдыру