“Заң мен Тәртіп” идеологиясы аясында қала прокуратурасы ашық диалог форматында ұйымдастырған “Прокурорға 100 сұрақ” кездесуіне белсенді жастар өкілдері қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Заң мен Тәртіп” идеологиясы аясында қала прокуратурасы ашық диалог форматында ұйымдастырған “Прокурорға 100 сұрақ” кездесуіне белсенді жастар өкілдері қатысты.

 

 Іс-шара барысында қатысушылар қала прокуроры Жанқозы Нақышевқа өздерін толғандыратын сұрақтарын тікелей қоюға мүмкіндік алды. Диалог барысында көтерілген тақырыптар заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқықтық тәртіпті нығайтудағы жастардың рөлі мәселелеріне қатысты болды.

 

Қала прокуроры барлық сұрақтарға толық жауап беріп, прокуратура органдарының халықпен, әсіресе өскелең ұрпақпен ашық өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

 

Мұндай кездесулерді өткізу жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтуға және азаматтық белсенділікті дамытуға ықпал етеді.

#заң_мен_тәртіп #заңментәртіп

 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1089672?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді