Бүгін Жетісу облысына жаңадан тағайындалған прокурор Бауыржан Альбертұлы Жұмақановтың Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі Қ.Б. Қарымсақовпен алғашқы ресми кездесуі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жетісу облысына жаңадан тағайындалған прокурор Бауыржан Альбертұлы Жұмақановтың Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі Қ.Б. Қарымсақовпен алғашқы ресми кездесуі өтті.
Кездесу барысында екі жақ, мемлекет тарапынан адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ еліміздің Ата заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясын жан-жақты сақтау мен орындауға баса мән берілетіні айтылды.
2022 жылғы Конституциялық реформадағы негізгі жаңалықтар, яғни әділеттілік қағидаттарына және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, қоғамның ортақ мүдделерін ескере отырып қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер де талқыланды.
Сонымен қатар, өзара іс-қимыл туралы келісім, тығыз ынтымақтастығы мен бірлесіп өткізілетін істер аясында жан-жақты және нақты шаралар қабылдау арқылы жүзеге асырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhetysu-oblysy/press/news/details/1090182?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді