
2025 жылдың 19 наурызында Жамбыл облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Корабаевпен, Жамбыл облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Ф.Имашевтың, Тараз қалалық полиция басқармасы, патрульдік полиция батальоны рота командирі, полиция капитаны Е.Жақайдың қатысуларымен мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе)есірткелік, және (немесе)уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу және жол бермеу такырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар өткізу барысында Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Корабаев жөніндегі уәкіл «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсатта пайдалану бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/960840?lang=kk

Жауап қалдыру