САРЫСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ КОМИССИЯЛАР ҚҰРАМЫ ЖАСАҚТАЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Сарысу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Аумақтық жане учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №16-2 шешімімен бектілген учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері себепті жағдайлармен комиссия құрамдарынан Сарысу аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 7 қазандағы №6 №7 шешімімен шығарылуына байланысты, бос орындарға комиссия құрамдарына жасақтау шаралары басталғанын хабарлаймыз.

        Осыған байланысты учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындар тізбесін ұсынамыз:

  • №367 учаскелік сайлау комиссиясы – 2 орын;
  • №382 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын;
  • №385 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын;
  • №371 учаскелік сайлау комиссиясы – 1 орын;

         Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, жоғарыда тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылдың 22 қазаннан 6 қарашаға (15 күнтізбелік күн) дейін аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме:

2) саяси партияның, өзге  қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі:

3) кандидаттың сайлау жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініш (өтініштің нысанын аудандық мәслихаттан немесе аудандық сайлау комиссиясынан алуға болады):

4) сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы электрондық және қағаз форматта жасалған белгіленген нысандағы мәліметтер.

         Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

         Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

         Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынушы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

         Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

         Аудандық мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон номері көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың 6 қарашасына дейін, дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-18:30 дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13:00-14:30 аралығы.

Байланыс телефондары 8 (726-34) 6-20-25, 6-26-80, 6-33-90 факс

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/1091085?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді