
Қарабас ауылдық кітапханасында Наурыз мерекесіне орай “Бесікке бөлеу – ізгі дәстүр” атты іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында ең алдымен бесікке бөлеудің мән-маңызы туралы сөз қозғалып, оның қазақ халқының мәдениетіндегі орны мен рөлі туралы әңгіме болды. Кітапханашы қатысушыларға бесік туралы аңыздар мен түрлі этнографиялық деректер мен қазақтың бала тәрбиесіндегі бесіктің ерекше орны туралы баяндамалар айтты. Сонымен қатар, кітапханашы мен шара қатысушылары бесікке бөлеу рәсімін көрсетіп, ұлттық салт-дәстүрдің бүгінгі күнде қалай сақталып келе жатқандығын көрсетті.
Шара барысында оқушылар асық ойнап, ұлттық ойындар арқылы да халықтық дәстүрді дәріптеді. Асық ойыны қазақ халқының мәдениетінде үлкен орын алған, ол балалардың ержүрек болуына, ой-өрісінің дамуына әсер еткен ұлттық ойындардың бірі. Бұл ойынға қатысқан оқушылар біліктіліктерін көрсетіп, мерекенің көңілді әрі әрі тартымды өтуіне себепші болды.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/960880?lang=kk

Жауап қалдыру