
Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы ҚР ІІМ Ержан Сәденовтің құқық қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстары мен енгізіліп жатқан жаңашылдықтары туралы сұқбатын қарады.
Онда министр киберқылмыспен күрестегі жаңашылдықтар, оның ішінде интернет алаяқтық қылмысымен қарқынды күрес, резонанстық жағдайларға қатысты полицейлердің әрекеті, жол ережесін бұзбау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру» секілді жобаларда республикадағы тәртіп сақшыларының атқарған қызметтерін жеткізді.
Сонымен қатар полицейлерге бұл бағыттағы шараларды ары қарайда жандандыру үшін нақты тапсырмалар жүктелгенін, оны абыроймен атқарып жатқанын айтты. Оған қоса мемлекеттің басқа да салалық құрылым қызметкерлерін қылмыссыз қоғам құру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Өз кезегінде жеке құрам министр Е.Сәденовке қолдау білдіріп, заңға сәйкес адал қызмет атқаруға уәде етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/960885?lang=kk

Жауап қалдыру