
Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында ҚАЖ Департаментінің ұйымдастыруымен: ҚАЖ Комитеті, ҚАЖ Департаменті, №2 мекемесі, №3 мекемесі және №64 мекемесі арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.
Жарыстың ашылу салтанатында ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Н.Е. Ажиханов ізгі тілегін білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың негізгі мақсаты — ұжымдағы салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, сондай-ақ қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Тартысты өткен ойында командалар өзара жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, ұйымшылдық пен командалық рух танытты. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға грамоталар мен медальдар табысталды.
1-орын: ҚАЖ Комитеті
2-орын: ҚАЖ Департаменті
3-орын: №64 мекемесі
Үздік ойыншы: ҚАЖ Департаментінің Алматы аудандық пробация қызметінің инспекторы А.М. Ахмедов
Үздік шабуылшы: ҚАЖ Комитетінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының бас маманы А.К. Исмагулов
Осындай спорттық іс-шаралар қызметкерлердің белсенділігін арттырып, ұжымның бірлігін күшейтеді және мерекенің мән-маңызын айшықтай түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1091579?lang=kk

Жауап қалдыру