
22 қазан күні «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Көкшетау қаласы әкімдігінің «Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қуным Абдысалыққызы Оразбаева азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында қала тұрғындары Көкшетауда мәдениет пен спортты дамыту, сондай-ақ балаларды көркемөнер үйірмелеріне тарту мәселелері бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Атап айтқанда, Күнсұлу Нұрғожина балаларды хореография және вокал үйірмелеріне белсенді тарту қажеттігін атап өтті. Спортшы Алибек Оспанов қала мекемелері арасында баскетболдан жарыстар ұйымдастыруды ұсынды. Ал спорт ардагері Александр Лебедев өз сөзінде жаппай спортты дамыту мәселесіне назар аударып, бұл бағытта қалада қолайлы жағдайлар жасалып жатқанын — жазғы спорт алаңдары ашылып жатқанын атап өтті.
Қуным Абдысалыққызы барлық ұсыныстар мен өтініштерді мұқият тыңдап, тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы мен мәдениет пен спорт саласына бейжай қарамайтындығы үшін алғысын білдірді. Ол көтерілген барлық мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін, сондай-ақ бөлім өз құзыреті шегінде қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/1091714?lang=kk

Жауап қалдыру