Ақордада екі елдің қадағалау ведомстволары арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Ақордада екі елдің бас прокуратуралары арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат қылмыспен күресу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Прокурорлар қадағалау ведомстволарының кәсіби, сараптамалық және ақпараттық әлеуетін тиімді пайдаланудың серіктестік тетіктерін анықтауға ниетті.

Бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен тәжірибе алмасуды көздейтін Меморандумға қол қою мемлекеттердің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kva/press/news/details/1091852?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді