ТӨЛЕБИ СПОРТ КЛУБЫ СПОРТШЫЛАРЫ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысы, Созақ ауданында еркін күрестен кіші жасөспірімдер арасында Мұратбай Сұлтанғали Созақбайұлын еске алуға арналған республикалық ашық турнир өтті.
 
Аталған додада Төлеби спорт клубының жас палуандары тамаша өнер көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді:
🥇 Кеншубай Жансерік — I орын
🥇 Ержаппар Әлтайыр — I орын
🥈 Қуандық Хантемір — II орын
🥉 Бекмұрат Айәділ — III орын
Барлығы — 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль!
 
Спортшыларымыздың бұл жетістігі — еңбектің, табандылық пен үздік дайындықтың нәтижесі.
Оларды жарысқа дайындаған жаттықтырушылар:
Ерментай Бекасыл
Жантай Дулат
 
💪 Төлеби спорт клубының жас палуандарына жаңа жеңістер мен үлкен спорттық табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1092153?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді