Президент тапсырмасы: Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан салынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қарағанды облысында медициналық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірдің жеті ауданында 51 медициналық нысан, атап айтқанда фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар және медициналық пункттер салынды.

Арнаулы мемлекеттік қордан 5,9 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындары үшін медициналық көмекті қолжетімді ету және оның сапасын арттыру.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Нысандарды медициналық ұйымдардың балансына өткізу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу және сондай-ақ заманауи жабдықтарды жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындар енді медициналық көмекті анағұрлым жылдам әрі аудан орталығына бармай-ақ алуға мүмкіндік туғанын атап өтуде.

Нұра ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен барлығы 10 нысан – медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және бір дәрігерлік амбулатория салынды.

Тап осындай өзгерістер Бұқар жырау ауданында да болды. Мұнда қайтарылған активтер есебінен 13 заманауи медициналық нысан салынды.

Сондай-ақ қайтарылған активтер есебінен Ақтоғай ауданында тоғыз, Абай ауданында – сегіз, Осакаров ауданында – бес, Қарқаралы ауданында – төрт және Шет ауданында екі денсаулық сақтау нысаны салынды.

Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл қаражат денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылым салаларындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kva/press/news/details/1092163?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді