Қазақстанның экономикалық дамуы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Республика күні қарсаңында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Тәуелсіздік алғалы бері елдің әлеуметтік-экономикалық өсімін көрсететін кейбір көрсеткіштерді назарыңызға ұсынады 

– Экономика нақты мәнде 4,4 есе өсті (1994 пен 2024 жж салыстырғанда) 
– Жан басына шаққандағы ЖІӨ 735,9$-дан 14 444,6$-ға дейін артты. Соның нәтижесінде Қазақстан Дүниежүзілік банк әдістемесі бойынша табысы орташадан жоғары елдер тобына кірді 
– Жұмыспен қамтылғандар саны 2001 жылғы 6,7 млн адамнан 2024 жылы 9,2 млн адамға дейін өсті 

Сыртқы сауда және бизнес орта 

– Сыртқы сауда айналымының көлемі 16 есе ұлғайып, 1995 жылғы 9,1 млрд $-дан 2024 жылы 142,1 млрд $-ға дейін жетті 
– Экспорт көлемі 15,4 есе өсіп, 81,7 млрд $ құрады, ал сауда серіктестерінің саны 1995 пен 2024 жылдарды салыстырғанда 146-дан 195 елге дейін артты 
– Белсенді жұмыс істейтін бизнес субъектілерінің саны 2005 жылдан бері 4 есе көбейіп, 2 млн жетті – Шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 2005 жылғы 10,5%-дан 2024 жылы 38,9%-ға дейін өсті 

Әлеуметтік сала 

– Халық саны 1991 жылғы 16,4 млн адамнан 2025 жылы 20,4 млн адамға дейін артты 
– Туу коэффициенті 1999 жылғы 1000 адамға шаққанда 14,57-ден 2024 жылы 18,15-ке дейін өсті – Өмір сүру ұзақтығы 10 жылға ұзарды – 1994 жылы 64,9 жастан 2024 жылы 75,44 жасқа дейін 

Инфрақұрылым 

– Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1994 жылғы 2,3 млн шаршы метрден 2024 жылы 19,1 млн шаршы метрге дейін өсті 
– Бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі 2001 жылғы 16,3 шаршы метрден 2024 жылы 24,5 шаршы метрге дейін артты – 1994 жылдан бері 11 мың шақырымнан астам жаңа автомобиль жолы мен 5,2 мың шақырым теміржол салынды 
– Соңғы 30 жылда 2 мыңнан астам мектеп тұрғызылды – Урбанизация деңгейі 1994 жылғы 55,7%-дан 2024 жылы 63%-ға дейін өсті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1092957?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді