Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасында «Ашық есік күні» акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 2025 жылдың 20 наурызында, Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты – студенттерді басқарманың қызметімен таныстыру және мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру.

Акцияға колледж студенттері қатысты. Кездесу барысында олар басқарма қызметкерлерінің жұмысымен және негізгі бағыттарымен танысты. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, оқу орнын аяқтағаннан кейін мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері туралы мағлұмат алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/961002?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді