Наурыз мейрамының аясында Қаратал ауданында 🔻Бүгін 19 наурыз – Жаңару күні. Наурызнама онкүндігі дәстүрлі түрде жалғасын тауып жатыр.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔻Наурыз мерекесі – тазалық пен еңбек мерекесі. Көктем келіп, Жер-Ана бусанған шақта жақсы ниетпен тал егу – бұл халқымыздың ежелден қалыптасқан қайырымды дәстүрі.
Бүгін Қаратал ауданында Жаңару күніне орай 2000 түп шырша отырғызылды.

🔻Игі шараға аудан әкімі Ұлан Досымбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның ардагерлері, мекеме, бөлім басшылары, мамандар өз үлестерін қосты.

🔻Ардагерлеріміз Наурызда ағаш отырғызуды ежелден халқымыз игі дәстүрге айналдырғанын еске салып, барша тұрғындарды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтап, ақ батасын берді.

🔻Қаратал ауданында тазалық, көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Жалпы аудан бойынша, көктем мезгілінде 6000 түп ағаш отырғызу жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/961010?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді