Наурыз мейрамының аясында Қаратал ауданында 19 наурыз – Жаңару күні. Наурызнама онкүндігі дәстүрлі түрде жалғасын тауып жатыр.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Наурыз мерекесі – тазалық пен еңбек мерекесі. Көктем келіп, Жер-Ана бусанған шақта жақсы ниетпен тал егу – бұл халқымыздың ежелден қалыптасқан қайырымды дәстүрі.
Бүгін Қаратал ауданында Жаңару күніне орай 2000 түп шырша отырғызылды.

 Игі шараға аудан әкімі Ұлан Досымбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның ардагерлері, мекеме, бөлім басшылары, мамандар өз үлестерін қосты.

 Ардагерлеріміз Наурызда ағаш отырғызуды ежелден халқымыз игі дәстүрге айналдырғанын еске салып, барша тұрғындарды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтап, ақ батасын берді.

 Қаратал ауданында тазалық, көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Жалпы аудан бойынша, көктем мезгілінде 6000 түп ағаш отырғызу жоспарлануда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/961130?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді