«Жаңару» күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жаңару» күні, «Ағаш отырғызу-сауапты іс»

Наурызнама мерекесінің маңызды күндерінің бірі –  «Жаңару» күніне орай Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің ұжымы игі іс атқарды. Бұл күні табиғатпен бірге жан дүниені де тазарту, жаңару дәстүрге айналған.

Мәдениет үйінің қызметкерлері аула тазалап, айналаны ретке келтірді. Сонымен қатар, көркейту және көгалдандыру мақсатында жаңа ағаштар отырғызылды. . Бұл игі іс-шараға мәдениет үйінің үйірме тәрбиеленушілері де атсалысты. Мәдениет қызметкерлері оқушыларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырды.

«Жаңару» күніне арналған бұл бастама – Наурыз мерекесінің мәнін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға қосылған үлес.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/961133?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді