
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша Өкілі бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Атырау облысы полиция департаментінің №1 Атырау қалалық полиция бөліміне барды.
Амангелді Абдолов полиция ғимаратын, уақытша ұстау камераларының жай-күйін, серуендеу ауласын аралап, уақытша ұсталған азаматтардың болу шарттарымен танысты.
Барған кезде ұсталғандар болған жоқ. Атырау қаласының №1 ГОП бастығы, полиция подполковнигі Жандос Садировтың айтуынша, қоғамдық тәртіпті бұзушылар кешке және түнде әкелінеді, және көп жағдайда бұл тұрмыстық сипаттағы құқық бұзушылықтар (уйдегі айқай-шу, төбелес, ішімдік ішу және т.б.).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/961225?lang=kk

Жауап қалдыру