
Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған спорттық іс-шара өтті. Бұл мерекелік спорт бәсекесі елдің бірлігін, патриоттық рухты және салауатты өмір салтын дәріптеуді мақсат етті.
Жарысқа елімізге кеңінен танымал армрестлинг шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спортшылар арнайы шақырылды. Олардың қатарында, Арман Рахманқұлов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, әлемнің қола жүлдегері, Бекзат Есенбай – әлемнің үш дүркін күміс жүлдегері, Азия және Қазақстан чемпионы, Мұхаммад Зайрахмед – екі дүркін Әлем кубогының жеңімпазы, үш мәрте Азия чемпионы, Мажжан Шаймерден – Азия кубогының күміс жүлдегері, ел чемпионы және Батырхан Рызманов – екі дүркін Қазақстан чемпионы, Азия кубогының жеңімпазы.
Белгілі спортшылар қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, спорттық шараның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ олар жарыстың төрешілері мен кеңесшілері ретінде сайыстың әділ әрі қауіпсіз өтуіне үлес қосты.
Жарыс барысында түрлі салмақ дәрежесіндегі ерлер мен қыздар арасында үздіктер анықталды. Оларға медаль, алғыс және естелік сыйлықтар табысталды.
Қоғамдық келісім баспасөз қызметі
#ҚХА30жыл #30летАНК #Шымкент #shymkent

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1094149?lang=kk

Жауап қалдыру