
Эр-Рияд қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасындағы XX және әйелдер арасындағы XI әлем чемпионаттары басталды. Бұл жарыстарға әлемнің 20 елінен 14 ерлер және 6 әйелдер құрама командасы қатысуда.
Бірінші күні ерлер мен әйелдер шабуыл сатысымен көтерілуден сынға түсті. Жарыс алғашқы минуттардан-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең мықты спортшылар арасында қызу тартыспен басталды.
Ерлер арасындағы 4 қабатты оқу мұнарасына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша командалық есептегі жүлдегерлер:
1-орын – Ресей Федерациясы (77,43 сек)
2-орын – Беларусь Республикасы (80,48 сек)
3-орын – Қазақстан Республикасы (83,15 сек)
Әйелдер арасындағы 2 қабатты оқу мұнарасына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша командалық есептегі жүлдегерлер:
1-орын – Ресей Федерациясы (42,05 сек)
2-орын – Беларусь Республикасы (42,61 сек)
3-орын – Қазақстан Республикасы (44,89 сек)
Жарысқа Қазақстан ТЖМ ұлттық құрама командалары қатысуда. Қазақстандық спортшылар чемпионаттың барлық түрлерінде бақ сынауда: шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру, 4×100 метрлік өрт сөндіру эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю сайыстары.
Чемпионат 2025 жылғы 28–31 қазан аралығында өтеді. Ертең жарыстар 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру кезеңімен жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1094517?lang=kk

Жауап қалдыру