
Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің мамандары М.О. Қасенгалиева мен Г. Ж. Жұмағазина Петропавл қаласында, Ж. Жабаев көшесі,142 мекенжайында орналасқан “Интертич” ЖШС дәріханасында фармацевтикалық қызметке лицензияға қосымша беру шеңберінде рұқсат беру бақылауын жүргізді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 “Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес Департамент қызметкерлері дәріхананың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексерді. Бақылау барысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған сөрелердің, поддондардың, шкафтардың, сондай-ақ климаттық жабдықтардың (кондиционерлердің, температураны және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын тіркеуге арналған аспаптардың) болуы мен жай-күйі тексерілді. Санитариялық-гигиеналық режимді сақтау үшін қажетті мүкәммалмен және өзге де қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі қосымша тексерілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-sko/press/news/details/961309?lang=kk

Жауап қалдыру