
Наурызнама онкүндігі бойынша 20 наурыз «Ұлттық спорт» күні болып белгіленген. Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде осы ұлттық спортты кеңінен насихаттап, жоғары көрсеткіштер көрсетіп жүрген қызметерлер қызмет етеді. Оның бірі-Акбар Елубайұлы.
Ол спортпен айналысуды бала күнінен бастаған. Қазыргі таңда еркін күрестен, аралас жекпе-жектен спорт шебері, сондай-ақ Панкратион және джиу-джитсу комбат спорт түрлерінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Еркін күрестен ҚР 3 дүркін жеңімпазы, жастар арасында Азияның күміс жүлдегері атанған.
Сонымен қатар ұлттық спортымызда ерекше орын алатын “Күш өнері” яғни қой, өгіз көтеру жарысында да өзін алдыңғы шептерден көрсете білген спортшы. Ол 2019 жылы қошқар көтеру жарысында 2019 рет көтеріп, Қазақстан Республикасының рекордтар кітабына енген. Қазіргі таңда жаппай көкпарда жақсы нәтижерге қол жеткізіп жүр.
Осындай ұлтттық спортымыздың дамуына үлкен үлес қосып жүрген спортшыларымыз жастарға үлгі мен өнеге болары анық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/961313?lang=kk

Жауап қалдыру