
Сарыағаш ауданының Дербісек ауылдық округінде ауыл жастары арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жыл сайынғы футбол сайысы аясында жолдастық кездесу өтті.
Жолдастық кездесуде командалар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жанкүйерлердің белсенді қолдауы мен ойыншылардың жігері шараның маңыздылығын айқындай түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер командаларға арнайы марапаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Айта кетсек, аталған іс-шараның мақсаты – жастарды бірлікке, достыққа және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сондай-ақ спортқа деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1096312?lang=kk

Жауап қалдыру