Әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 19 наурызында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әміренованың төрағалығымен отбасының цифрлық картасы, «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы, «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасын іске асыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

«Дағдарыс» және «Шұғыл» санаттарынан неғұрлым қолайлы санаттарға ауыстыру, облыстың аудандары мен қалаларында «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы бойынша жұмысты ұйымдастыру, «АӘК алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну» қызметін көрсету, қамтылмаған адамдарды пысықтау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу мақсатында әр отбасымен атаулы жұмыс жүргізу бойынша МӘМС жүйесі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлы сөз сөйледі.

Кеңеске денсаулық сақтау, білім беру, ішкі саясат басқармалары басшыларының орынбасарлары, онлайн форматта аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, мансаптық орталықтардың директорлары қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/961403?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді