
ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА АСЫҒАЙЫҚ!
Сырым ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің» ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларына қайырымдылық айлығы аясында «Жақсылық жасауға асығайық!» атты шара өтті.
Шарамызды Қаламғали Айлин «Бипыл» биімен ашты. Кәкімжан Нәзерке мен Кәкімжан Жанерке «Күзгі бақта» әнін орындады. Сондай-ақ бір топ балалар әр түрлі аспаптармен «Шулы» оркестрді орындап, «Қоянға сәбіз» ойынына қатысты ал, кішкентай қыздарымыз «Көбелек» биін билеп берді.
Мерекелік шараға кәсіпкерлерміз Утекешова Наргиза Саматқызы «Наргиза” тәттілерінен атаулы капкейктер ұсынса, Нурмашев Ақеділ Жанқабылұлы «Баян LUX» кілем жуу орталығы және ИП «Халикова» Тәттім Турмухамбетовна мен атын атамауды ұсынған тағы бір жеке кәсіпкеріміз шараға демеушілік көрсетіп, балаларға тәтті сыйлықтар сыйлады. Мерекелік шараның көңілді өтуіне атсалысқан ата-аналарға, демеушілерімізге үлкен алғыс білдіреміз.
Баланы қуанту – ерлікке бара – бар амал.
Асия ИМАНҒАЛИЕВА,
Сырым ауданының «Психологилық-
педагогикалық түзеу кабинетінің» әлеуметтік педагогы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1096480?lang=kk

Жауап қалдыру