
34 980 көрерменге арналған жаңа футбол стадионын салу жұмыстары Ақтөбеқаласындағы «Алтын Орда» шағын ауданындабасталып кетті. Қазіргі таңда нысанның аумағықоршалып, құрылысқа дайындық жұмыстарыжүргізіліп жатыр.
Құрылыс алаңында болған облыс әкімі Асхат Шахаров өңірде футболды дамыту жәнебұқаралық спортты қолдау бағытындағыжұмыстар туралы айтып өтті.
Оның сөзінше, жергілікті футбол клубтарындамыту мен жоғары деңгейдегі спортшылардыдайындау үшін қолайлы жағдай жасау маңызды.
«Мемлекет басшысы жаңа футбол академиясын салуды тапсырды. Егер бізжоғары деңгейдегі спортшылардыдайындағымыз келсе, оларға лайықты жағдайжасауымыз қажет. Былтыр Ақтөбе облысындаөз академиямызды аштық. Басты мақсатымыз– жергілікті клубтарды, бұқаралық спорттыдамыту және ұлттық құраманың ойыншыларынтәрбиелеу. Бұл үшін барлық қажетті жағдайөңірлерде жасалуы тиіс», – деді АсхатШахаров.
Облыс әкімі атап өткендей, қазіргі уақыттафутбол клубтарын жекешелендіру мәселесібойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл мәсележыл соңына дейін толық шешіліп, «Ақтөбе» футбол клубы жеке меншікке өтеді депжоспарлануда. Клуб құрылымында оны дамытуға бағытталған өзгерістер енгізіледі, оған айтарлықтай қаржыландыру мен жүйеліжұмыс қажет.
Асхат Шахаровтың айтуынша, мұндайауқымды жобалар Мемлекет басшысыныңқолдауының арқасында жүзеге асуда. Алшаралардың барлығы футболдың тұрақтыдамуына, ұлттық құраманың ойыншыларынтәрбиелеуге және өңір тұрғындары үшінсалауатты өмір салтын қалыптастыруғамүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1097271?lang=kk

Жауап қалдыру