📖 ХРОМТАУДА «АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан Хромтау ауданына жұмыс сапарымен келді.

💡 Облыс әкімінің орынбасары аудан әкімімен бірге білім беру ұйымдарын аралап, мектеп ұжымы, оқушылар және ата-аналармен кездесіп, пікір алмасты. Кездесулер барысында білім сапасын арттыру, ұрпақ тәрбиесі, олардың құқықтарының қорғалу мәселелері талқыланды. Мемлекет Басшысы ұсынған «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидатын жүзеге асыруға бағытталған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының ауданда іске асырылу барысымен танысты.

📚 Сондай-ақ білім беру ұйымдарын аталған бағдарлама аясында бірыңғай безендіру жұмыстарының жүзеге асырылуын қадағалап шықты.

⚽️ Сапар барысында Жолдас Батырхан №4 орта мектептің ауласында FIFA талаптарына сәйкес салынған жаңа футбол алаңында болды. Заманауи талаптарға сай салынған спорт алаңы оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге және салауатты өмір салтын ұстануға оң ықпалын тигізетін болады.

✅ Жұмыс сапарын қорытындылау сәтінде облыс әкімінің орынбасары ауданда атқарылып жатқан істерге оң бағасын беріп, аталған бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, оларды кеңейтуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1097270?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді