
Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жастар арасында адалдық пен парасаттылықты насихаттауға бағытталған «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Превенция басқармасының басшысы К. Абишев студенттермен ашық диалог ұйымдастырып, сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін жағымсыз салдарын, оның алдын алу шараларын талқылап, жастар арасындағы құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында пара бергені және алғаны үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін құқықтық салдарлардың нақты мысалдары келтірілді. Қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер де көрсетілді.
Студенттер талқылауға белсенді қатысты, сұрақтар қойды, пікірлерімен бөлісті, күнделікті өмірде әділеттілік мәселелерін көтерді және өз идеяларын ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар нақты мысалдарды қарастыра отырып, парақорлық үшін жауапкершілікпен және заң бұзушылықтардың құқықтық салдарымен толығырақ танысты.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/961488?lang=kk

Жауап қалдыру