Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қаладағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Өңір басшысы Маресьев көшесіндегі «Қоныс» спорт сарайы маңындағы скверге барды. Мердігер ұйым – «Интерстиль» ЖШС. Жұмыстар 90% бітті.

Асхат Шахаров абаттандыру жұмыстарын сапалы түрде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, ол тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасау үшін сквер аумағында көгалдандыруды күшейтуді, жарықтандыру мен шағын архитектуралық нысандардың сапасына ерекше назар аударуды жүктеді.

Облыс әкімі қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру — атқарылып жатқан барлық жұмыстың басты мақсаты екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1097379?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді